2022 жылдың ақпан айында Лисаков музейі мен Балалар өнер мектебі «Балалар шығармашылығындағы көшпенділер мәдениеті» атты жаңа жобаны іске қосты. Лисаков көркем сурет мектебінің тәрбиеленушілері музейге келіп, қазақ дәстүрлерінің әлеміне еніп, экскурсияларды тыңдап, экспозицияда тұрған қазақ этнография заттарының суретін салды. Осылайша, жас қазақстандықтар сурет салудың шығармашылық процесі арқылы қазақ ұлттық мәдениетімен танысты, музей затына мұқият қарауды үйренді.
Содан кейін сурет мектебіндегі сабақтарда мұғалімдер А.С.Николенко, Е.А.Николенконың жетекшілігімен балалар суреттер бойынша жұмыстарын жалғастырды. Жас суретшілердің үздік жұмыстары наурыз айында музейде өтетін Наурыз мейрамына арналған «Ғасырлар тереңінен» атты көрмесіне қойылады. Көрмеге тек балалар салған суреттер ғана емес, қазақ этнографиясының заттары: қазан, саба, қымыз, торсық, астау, асатаяқ қойылады. Бұл көрмені қараша айында Рудный тарихи-өлкетану музейінің келушілері тамашалай алады. Көрме барысында интерактивті сәт те қарастырылған – көрме залында орнатылған мольберттерде тілек білдірушілер қазақтың ұлттық мәдениетінің кейбір нысандарын салып көруге болады, ізденімпаз жас келушілер үшін белсенділік парақтары әзірленеді.
Ю.П.Буданова
"Балалар шығармашылығындағы көшпенділер мәдениеті"
жобасының үйлестірушісі,
басшының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары .
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/1064-t-uelsiz-aza-stan.html#sigFreeId2566c82839